Биыл қыркүйекке дейін елде неше фильм шықты?

Жыл басынан елде неше фильм түсірілді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті осы жылы елде түсірілген фильмдерге қатысты түсінік берді.

— Биыл мемлекеттің қолдаумен Кино орталығы арқылы 15 киножоба түсірілімге жіберілді, —

делінген Мәдениет комитетінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Олардың ішінде:

  • 8 көркем фильм: «Ақжелең», «Бүркітші», «Дни», «Кенжем қайда?», «38», «Тревожная ночь», «Сағындым сені», «Мұғалім»;
  • 2 деректі фильм: «Венера. Баладан – бақ, қамыстан – құт», «Батыл бол»;
  • 3 анимациялық фильм: «Адамзатқа іздеу саламын», «Жібек», «Команда А.».

Сонымен қатар, түсірілімде өткен жылдан өтпелі 2 киножоба бар, яғни «Победителей видно на старте» (бірлескен жоба) көркем фильмі, «Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі бар.

— Қазірге дейін жоғарыда аталған 5 көркем фильмнің түсірілім жұмыстары бітіп, олардың толық аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 1 деректі фильмнің түсірілімі толық аяқталып, қалған киножобалар әлі өндірісте, —

деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Тарату: