Ерболат Досаев Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», —
деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, биыл 24 мамырда Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылған болатын.