IMAGE: ©Алматы қалалық полиция департаменті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Орталық стадионында бүгін әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылады.
— Полицияның кешенді күштерінің кезекшілігі күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, — деп хабарлады департаменттен.
Сондай-ақ кептелістің алдын алу және арнайы көліктердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелері шеңберінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.