Семейде полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты

Семейде полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты

Семейде полицейлер мас күйде эвакуатор тізгіндеген жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Түнгі бірлер шамасында полицияға дабыл қоңырауы түскен: Өскемен көшесінде мас болуы мүмкін эвакуатор жүйткіп бара жатқан.

Патрульдік полицияның «Барс 615» экипажы тәртіпбұзушыны байқап, тоқтауды талап еткен. Алайда жүргізуші дабылға құлақ аспай, жүргіншілер мен көліктерге қауіп төндіре отырып, қозғалысын жалғастырған.

Полицейлер талапқа бағынбаған жүргізушіні қуға мәжбүр болған. Ол маневр жасап, талапқа құлақ аспағандықтан, оны тоқтату үшін көліктің дөңгелектеріне оқ атуға тура келген. Тек содан кейін ғана эвакуаторды бөгеп тоқтату мүмкін болды.

Көлік жүргізушісі 29 жастағы семейлік орташа дәрежеде мас болған. Оны айықтырғышқа жеткізді, ал көлікті айыптұраққа қойды.

IMAGE: ©tengrinews.kz

Тарату:

Тағы да